Қостанай қаласының №17 жалпы білім беретін мектебінің базасында «Үздік дене шынықтыру мұғалімі - 2025» облыстық байқауының қалалық кезеңі өтті.
Байқау мұғалімнің кәсіби және шығармашылық қызметін дамытуға, білім беру процесін ұйымдастыруда жаңа педагогикалық технологияларды қолдауға, дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған.
Байқауға қатысушылар өздерінің кәсіби тәжірибелері мен спорттық - бұқаралық іс - шараларының тұсаукесерлерін көрсетті. Педагогтар ашық сабақтарды бейтаныс сыныпта оқытудың практикалық әдістері мен тәсілдерін, терминологияны, көрнекі құралдарды, АКТ - ны пайдалана отырып өткізді. Аталған мектептің оқушылары өткізілтін ашық сабақтарға белсене қатысты.
Қалалық байқаудың қорытындысы бойынша №21 жалпы білім беретін мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Багытов Науан Берикович жүлделі I орынға ие болды.
Әріптесімізді құттықтаймыз! «Үздік дене шынықтыру мұғалімі - 2025» байқауының облыстық кезеңінде сәттілік тілейміз!