Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

2022 жылдың 15 сәуірінде «Мирас» мәдениет үйінің базасында балалар жылы аясында қала әкімі орынбасарының С.Ж.Шаймурунов қатысуымен «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы басталды. Акцияның мақсаты-балалар бастамаларын қолдау, таланттарды дамыту, сондай-ақ балалар ортасында мейірімділік, қайырымдылық, назар аудару және жақындарына қамқорлық сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттау.

Акцияға Қостанай мектептерінен 400-ден астам оқушы, оның ішінде 100-ге жуық ерекше білім беруді қажет ететін балалар қатысты.

Акция қатысушыларына қала әкімі С.Шаймурунов құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол акцияға қатысушыларды балалар жылымен құттықтап, мемлекеттік органдар тарапынан балалардың құқықтарын қамтамасыз ету, оның ішінде білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында қабылданып жатқан нақты шараларды атап өтті.

Сондай-ақ акция шеңберінде қатысушылар үшін қосымша білім беру ұйымдарының шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды және Қостанай қаласының балалар шығармашылығы мектебінің, музыка мектебінің және «Карнавал» хореографиялық мектебінің шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасы ұсынылды.

Алдағы күндері облыс бойынша өзге елді мекендердің балаларына мереке сыйлау мақсатында «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы өткізіледі.