Қостанай облысы қазақ тілі мен әдебиеті пәні педагогтерінің " Жаһандық дағды: soft skills, hard skills, эмоционалды интеллект және уәж" тақырыбында облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің семинары болып өтті.
Семинарда«Білім беру мазмұнын жаңартуды іске асыру жағдайындағы жаңа тәсілдерді сабақта тиімді пайдалану түрлерін ұсынды.Семинарға Ғ.Қайырбеков атындағы №9 жббм-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Досмаганбетова Жумагул Тасболатовна мен №2 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Адильханова Лаззат Оксикбаевна қатысты Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби дамуына ықпал ету, оқушыларға қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда «жұмсақ» және «қатты» дағдыларды дұрыс пайдалану жолдарын көрсетті. Коучинг пен сабақтарда ойлау қабілеттерін ашатын әдістерді қолдана отырып, жаңашыл сабақтар өткізу, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық дағдыларын қалыптастыру бағытында жұмыстарды тиімді ұйымдастырды.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша инновациялық тәжірибелерді насихаттау мақсатында шеберлік сыныбы мен коучингтер ұйымдастыру мақсатында өткен семинар жұмысы жоғары деңгейде болды. Рудный қаласында өткен семинарға әр аудан, қаладан келген қазақ тілі мен әдебиет мамандары тәжірибе алмасу алаңында ұйымдастырушыларға игі тілектерін айтып, тарқасты.