ҚР БҒМ "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2022 жылғы 19-25 ақпан аралығында Шымкент қаласында 8-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының IV кезеңін өткізді. Жоба қорғау дәстүрлі форматта өтті.
Байқау оқушылардың ғылым негіздеріне деген қызығушылығын дамыту, жоғары сынып оқушыларын ғылым мен техниканың әртүрлі салаларындағы шығармашылық қызметке тарту, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметті ынталандыру, республиканың түкпір-түкпірінен неғұрлым талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау мақсатында өткізіледі.
Қостанай қаласы мектептерінің 23 оқушысы (22 жоба) Қостанай облысынан команда құрамында қатысып, 8 жүлделі орынға ие болды (9 оқушы, 8 жоба)!!!
Тағы 2 жоба (2 оқушы) Ерекше жетістіктері үшін "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасына ие болды.
Белецкая Екатерина мен Ганиев Тимур Семей қаласындағы Шәкәрім университеттің гранттарын алды.
Байқаудың қорытынды кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
1 орын - Ержанова Алина, секция-қолданбалы математика, М. Горький атындағы гимназиясы;
1 орын-Пак Светлана, Хлыстун Анна, секция-адам және қоғам, М. Горький атындағы гимназиясы;
2 орын - Духно Максим, қолданбалы математика секциясы, физика-математикалық лицейі;
2 орын - Белецкая Екатерина,жер және ғарыш туралы ғылымдар секциясы, М. Горький атындағы гимназиясы;
3 орын - Рахметов Аслан, математика секциясы физика-математикалық лицейі;
3 орын - Базарбаев Хайдар, жер және ғарыш туралы ғылымдар секциясы, физика-математикалық лицейі;
3 орын - Ганаев Тимур, химия секциясы, № 21 жалпы білім беретін мектебі,
3 орын - Карпыкова Сания, Қазақстан тарихы секциясы,физика-математикалық лицейі.
Ерекше жетістіктері үшін Грамота:
- Сабыржан Ыбырай, Қазақ әдебиеті секциясы , Ғ. Қайырбеков атындағы № 9 жалпы білім беретін мектебі;
-- Алпатов Максим, техника секциясы, Б. Момышұлы атындағы № 5 жалпы білім беретін мектебі
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!