Мектепке дейінгі кезең - мамандықтар туралы білімді қалыптастырудың бірінші кезеңі. Балабақшада балалар мамандықтың барлық түрлерімен танысады.
Ерте кәсіптік бағдар беру жобасын іске асыру шеңберінде "Солнышко" мектепалды тобының балалары әртүрлі кәсіп түрлерімен танысуды жалғастыруда. Құрылысшының кәсібі мен жұмысы туралы білімді тек ұйымдасқан қызметте ғана емес, сонымен қатар құрылыс алаңыңда серуендеу арқылы кеңейтіп, тереңдетті . Балалар құрылысшылардың жұмысын қызығушылықпен тамашалады.
Жаңа білім белсенді ойын әрекетін тудырды. Балалар өздері құрылысшылар рөлінде болып, техника және құрылыс құралдарымен танысты.
Болашақта біздің тәрбиеленушілеріміз құрылысшы мамандығын таңдап, қаламыздың көркейіп, әдемі болуына үлесін қосады деп ойлаймыз.
Тәрбиешілер: Карий И. И., Тамилина О. М.