Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

26 сәуірде Ә.Бөкейхан атындағы мектеп базасында Жас биология және химия педагогтарына арналған "Жас педагогтың шығармашылық қалыптасуының негізі ретінде өзін-өзі басқару" атты облыстық семинар өтті.
Қостанай қаласынан семинарға №9 ЖББМ Д.К. Жоломанова, №4 ЖББМ А. С. Торохтий, №7 ЖББМ А. Ж. Нұралы, №23 ЖББМ А. Т. Жаңабаев қатысты.
   Кездесудің мақсаты-жаңадан бастаған педагогтардың кәсіби бейімделу және қалыптасу үдерісін сапалы басқаруды қамтамасыз ету, оның ішінде жас мамандардың кәсіби өсуіне көмектесу, функционалдық сауаттылықты дамытуға ықпал ету, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
    Семинар қорытындысы бойынша қостанайлық жас педагогтар семинардың өзектілігін атап өтті. Шынында да, білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ету үшін мұғалім өзінің кәсіби шеберлігін үнемі арттырып отыруы керек.