Кіру
AA+
AA+

Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.121): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/kst-goo.edugov.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

 Дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған

 «Жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану – оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырудың, сабақ пен жаттығу сабақтарына дайындықтың бір тәсілі ретінде» тақырыбы бойынша қалалық әдістемелік бірлестік         

2025 жылғы 07 қараша күні Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №18 мектеп-гимназиясы» КММ базасында дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған «Жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану-оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырудың, сабақ пен жаттығу сабақтарына дайындықтың бір тәсілі ретінде» тақырыбында қалалық әдістемелік бірлестік отырысы өтті.

Отырыста «Қозғалыстағы интеллект: дене шынықтыру сабақтарын жаңартудың құралы ретінде жасанды интеллект» тақырыбында №18 мектеп-гимназияның әдістемелік бірлестік жетекшісі Сухомлин Андрей Николаевич баяндама жасады.

Бастауыш сынып оқушыларына шахматты үйретуде жасанды интеллектті қолдану тәжірибесімен №18 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәні мұғалімі С.К. Жанкеев С.К.  бөлісті.

Іс-шараның практикалық бөлімінде мектеп мұғалімі Иевлева Д.Ж. салауатты өмір салтына саяхат-квестін ұсынды.

Сондай-ақ, мектеп-гимназияның педагогтары Фольверт Л.М., Утигенов Е.Б., Ахмадулин Р.А. және қаланың дене шынықтыру пәні мұғалімдері бірлесе отырып, спортдрайвтың қызықты фрагменттерін көрсетті.

Іс-шара соңында әдістемелік ұсынымдар берілді.