Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

Қостанай қаласы білім бөлімінің 2024-2025 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес 2025 жылғы 28 ақпанда әлеуметтік педагогтарға арналған «Жеңілдіктерді қамтамасыз етуге мұқтаж балаларды анықтау бойынша әлеуметтік педагогтар жұмысының алгоритмі - тамақпен, сауықтырумен, материалдық көмекпен қамту» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

Аталған семинарға Әйелдер күштері альянсының төрағасы, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ ректорының кеңесшісі, педагогика ғылымдарының докторы Р.Ч.Бектурганова қатысты.

Римма Чингисовна семинарға қатысушыларға әлеуметтік қорғалмаған санаттағы балаларды, оның ішінде көп балалы отбасылардағы балаларды жеңілдіктермен қамтамасыз етудің маңызды рөлі, осы санаттағы ата-аналармен түсіндіру жұмыстары туралы айтып берді.

№ 6 ЖББМ директорының орынбасары Д.С. Жиенгалиева тамақтану, сауықтыру, материалдық көмек бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәжірибесімен бөлісті.

Бұдан кейін бала құқықтарын қорғау секторының меңгерушісі А.С. Муканова мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бұзушылықтарға жол бермеуге, ата-аналар жұртшылығымен ақпараттық жұмыс жүргізуге назар аударды.

Оқыту семинарының қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету Ережесін қатаң сақтау, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігіне көңіл аудару ұсынылды.