Кіру
AA+
AA+

«Жылулық сыйла»
2022 жылғы 4-14 қараша аралығында   А.Байтурсыновтың ММ психология кафедрасының бастамасымен ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға қатысты кемсітпейтін, толерантты қарым - қатынасты қалыптастыру мақсатында онкүндік өткізілді. Осыған байланысты мектепалды «Гүлім» тобының ата – аналары, тәрбиеленушілері, № 13 бөбекжайының музыка жетекшісі Айгүл Ыбырайқызымен № 69 балабақшаға барып,  «Жылулық сыйла» атты онкүндікке белсенді қатысты .  № 69 балабақшаның тәрбиеленушілеріне  мерекелік іс – шара ұйымдастырылып,  соңында   №13 бөбекжайы тәрбиеленушілері № 69 балабақша балаларына алдын ала дайындаған сыйлықтарын табыс етті. Бұл жағымды тосын сый болды. Балалардың жүздері шынайы қуаныш пен шаттыққа толы болды!    
Игі істеріңіз үшін алғыс айтамыз!