Жылыту маусымында адамдардың қаза болуына жол бермеу және өрт қауіпсіздігінің алдын алуды қамтамасыз ету мақсатында Білім бөлімі Қостанай қаласының Төтенше жағдайлар басқармасымен, Қостанай қаласының полиция басқармасымен бірлесіп саяжайларда тұратын отбасыларға бару кестесін бекітті.
Рейдтік іс-шараларды өткізу кезеңі: 2022 жылғы 14 қыркүйек-30 қыркүйек аралығы.
Қостанай қаласында саяжайларда тұратын барлығы 288 отбасы, оның ішінде 586 бала.
14.09.2022 жылы Қостанай қаласының білім бөлімі келесі мектептердің 8 отбасына барды: №3 мектеп-гимназиясы және 4 мектебі.
Сапар барысында пешпен жылытуды, улы газ датчиктерін тексеру жүргізілді.
№3 мектеп-гимназиясының 3 отбасына комиссияның ұсынысымен металлдан жасалған пешті орнату ұсынылды. Барған отбасылардағы улы газ датчиктері қауіпсіз күйде.
Сонымен қатар, ата-аналарға пешпен жылытуды пайдалану ережелері туралы жадынамалар таратылды.
Рейдтік іс-шаралар жалғасуда.
Пешпен жылытылатын үйлерде тұратын қала тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.