Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

10 жасқа толған баланың пікірін ескеру.

Құқықтық мемлекетте кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға ерекше назар аударылады және кез келген жағдайда олардың пікірі ескеріледі.

Он жасқа толған баланың пікірін ескеру туралы шешім қандай жағдайларда қажет?

Қорғаншылық және қамқоршылық органының рұқсаты мәмілелердің мынадай түрлеріне беріледі:

  • елден тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығу;
  • жылжымайтын мүлікті сату;
  • жылжымайтын мүлікті кепілге беру;
  • банк салымына;
  • автокөлікке;
  • мұрагерлік мүлікке билік ету ("БЖЗҚ" АҚ салымдары және т.б.).

         Егер кәмелетке толмаған тұрғын үйде тұрса, бірақ жылжымайтын мүліктің немесе оның бір бөлігінің меншік иесі болып табылмаса, қорғаншылық және қамқоршылық органының келісімі талап етілмейді.                                        

"Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылық және қамқоршылық органының шешімін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін жеке тұлғалар Қостанай қаласының білім бөліміне белгіленген нысан бойынша мынадай құжаттарды қоса бере отырып өтініш береді:

1) баланың (балалардың)заңды өкілінің біреуінің өтініші;

2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

3) жұбайының (зайыбының) нотариаттық келісімі не баланың (балалардың)жеке тұратын заңды өкілінің келісімі;

4) егер некеде тұрса не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұру туралы куәліктің көшірмесі, ата-анасының біреуінің балаға қамқорлығының жоқтығын растайтын құжаттардың көшірмелері: "Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10764 болып тіркелген) қайтыс болу туралы куәлік немесе хабарлама, ата – аналарды ата-ана құқықтарынан айыру, оларды ата-ана құқықтарында шектеу, ата-аналарын хабар-ошарсыз кетті, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, туу туралы анықтама және т. б. (нысан бойынша "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі-АХАЖ АЖ) мәліметтер болмаған кезде;

5) АХАЖ АЖ-да мәліметтер болмаған не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған баланың (балалардың) электрондық нысандағы туу туралы куәлігі немесе оның қағаз жеткізгіштегі көшірмесі.

         Құжаттарды тексеру қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 4 (төрт) жұмыс күні ішінде кәмелетке толмаған баланың ата-анасының немесе басқа заңды өкілінің (өкілдерінің) қатысуымен оның (балаларының) пікірін ресімдеу үшін баламен (балалармен) әңгімелесу жүргізеді.

Құжаттарды қарастырудың және шешім алудың не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың жалпы мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

Бас тарту негіздері:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылады.

 Он жасқа толған баланың пікірін ескеру туралы шешім қандай жағдайларда қажет?

Қорғаншылық және қамқоршылық органының рұқсаты мәмілелердің мынадай түрлеріне беріледі:

  • елден тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығу;
  • жылжымайтын мүлікті сату;
  • жылжымайтын мүлікті кепілге беру;
  • банк салымына;
  • автокөлікке;
  • мұрагерлік мүлікке билік ету ("БЖЗҚ" АҚ салымдары және т.б.).

 

         Егер кәмелетке толмаған тұрғын үйде тұрса, бірақ жылжымайтын мүліктің немесе оның бір бөлігінің меншік иесі болып табылмаса, қорғаншылық және қамқоршылық органының келісімі талап етілмейді.