Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

Кәмелетке толмаған балалардың мүлкі бойынша мемлекеттік қызметтер.

Кәмелетке толмаған балаларға тиесілі мүлікті, мысалы, пәтерді сату қажеттілігі туындаған кезде, қорғаншылық және қамқоршылық органдарынан рұқсат қажет болады.

Балалардың мүлкін қандай жағдайда басқаруға болады?

Пәтердің кәмелетке толмаған иесі оны 18 жасқа толғанға дейін өз бетінше иелік ете алмайды. (сату, кепілге беру)

     Қорғаншылық және қамқоршылық органының рұқсаты мәмілелердің мынадай түрлеріне беріледі:

  • жылжымайтын мүлікті сату;
  • жылжымайтын мүлікті кепілге беру;
  • банк салымына;
  • автокөлікке;
  • мұрагерлік мүлікке билік ету ("БЖЗҚ" АҚ салымдары және т.б.).

         Егер кәмелетке толмаған тұрғын үйде тұрса, бірақ жылжымайтын мүліктің немесе оның бір бөлігінің меншік иесі болып табылмаса, қорғаншылық және қамқоршылық органының келісімі талап етілмейді.

         Анықтама алу үшін «Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне билік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» онлайн-қызметін пайдалану қажет.

         Онлайн-өтінім беру кезінде оған келесі құжаттар тізімін қоса беріп, өз ЭЦҚ-мен қол қою қажет:

  1. кәмелетке толмағандардың мүлкіне билік ету үшін электрондық құжат нысанындағы өтініш;
  2. баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі (АХАЖ АЖ-да мәліметтер болмаған кезде не ол Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған кезде);
  3. жұбайының (зайыбының) нотариаттық келісімінің электрондық көшірмесі не баланың (балалардың) жеке тұратын заңды өкілінің келісімі (ата-анасының біреуінің балаға қамқорлығының жоқтығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі: қайтыс болу туралы куәлік, ата-аналарын ата-ана құқықтарынан айыру туралы сот шешімі, оларды ата-ана құқықтарында шектеу, ата-аналарын хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау, туу туралы анықтама және т.б;
  4. заң бойынша мұрагерлік құқығы туралы куәліктің (нотариустан) электрондық көшірмесі (заң бойынша мұра алған жағдайда);
  5. мүліктің бар екендігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
  6. баланың (балалардың) пікірінің электрондық көшірмесі (он жасқа толған кезде) – білім бөлімі 10 жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы шешім береді.

         Қорғаншылық және қамқоршылық органы ұсынылған құжаттарды зерделей отырып, 3 жұмыс күні ішінде мәмілеге өзінің келісімін бере алады немесе дәлелді түрде бас тарта алады.

         Егер сұрақтар туындаса, Сіз мына мекен-жайға жүгіне аласыз:Қостанай қ., Байтұрсынов к-сі, 67-үй, каб. 111,113, 114,115 (Қостанай қаласының білім бөлімі), тел. 54-52-28.