2020 ж. «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ-де 25626 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде Мемлекеттік корпорация (ХҚКО) арқылы көрсетілген)– 1478, тікелей мемлекеттік органда – 9108, egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы–399, indigo24.kz, school.kst-goo.kz ведомстволық бағынысты портал– 14641 («Электронды балабақша» -8139, «Электрондық мектеп»- 6345, «ҚР БҒМ АЖО»- 157).
2020 жылдың маусымынан бастап мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мақсатында «ҚР БҒМ автоматтандырылған жұмыс орны» ықпалдастырылған жаңа ақпараттық жүйесінде («ҚР БҒМ АЖО») портал арқылы 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі
(2020 жылғы маусымнан бастап «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» бұрын «Е – әкімдік» АЖ арқылы ұсынылды»; «Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру»-2020 жылғы 28 қыркүйектен бастап, бұрын «Е-әкімдік» АЖ арқылы ұсынылған; «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік корпорациясы арқылы 2020 жылдың маусым айынан бастап ұсынылады; «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау» – 2020 жылғы қарашадан бастап, сондай-ақ, «Білім беру ұйымдарына (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы орта) құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылады).
22 мемлекеттік қызметтің ішінде электрондық форматта 12 мемлекеттік қызмет (54,5%), мемлекеттік корпорация арқылы – 6 (27,3%), қағаз түрінде – 4 (18,2%) ұсынылады.
Жыл сайын білім бөлімі «Білім бөлімінің қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет көрсету бойынша лауазымдық міндеттерді жүктеу туралы», «Білім беру ұйымдарының мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметін бақылау туралы» бұйрықтарды бекітеді.
Білім бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мақсатында 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері жыл сайын білім бөлімінің кеңестерінде және білім бөлімінің басшысы жанындағы кеңестерде қаралады.
Мәселен, 2020 жылғы ақпанда білім беру ұйымдарының директорлар кеңесінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы сақтау бойынша 21 білім беру ұйымы басшыларының қызметін зерделеу туралы ақпарат тыңдалды.
Білім бөлімі ай сайын қалалық әкімдікке көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша статистикалық есептерді ұсынады, есепті уақытылы ұсынбау фактілері жоқ.
Қазіргі уақытта «Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызметі бойынша мәселе шешілді. «Электрондық үкімет» порталында көрсетілетін қызметті алушылар жылжымайтын мүлікті иеліктен шығаруға және кепілге қоюға өтінім бере алады, сондай-ақ қоса берілетін құжаттардың тізбесі жаңартылды. Бұл қызмет «ҚР БҒМ АЖО» ақпараттық жүйесімен біріктірілген.
Сонымен қатар, ақпараттық жүйелермен жұмыс жасауда білім бөлімі келесі мәселелерге тап болады.
2020 жылғы қыркүйекте қосымша білім беру ұйымдарында интеграцияланған ақпараттық жүйенің болмауы және «ХҚКО» АЖ-да қосымшаның болмауы себебінен «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша қағаз түрінде 2276 өтінім қабылданды
(Қағидаларға сәйкес баламалы негізде ұсынылады: қосымша білім беру ұйымдарының Кеңсесі, Мемлекеттік корпорация, портал). «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қостанай облысы бойынша филиалының 08.09.2020 ж. № 03-10-17-13/5253, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің 14.09.2020 ж. алған жауаптары негізінде № 03-07/1912 жоғарыда аталған органдардың «электрондық үкімет» порталында, «ХҚКО» АЖ-де «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметінің қолжетімсіздігі мәселесі бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігіне, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне сұраныстар жолдағаны анықталды. Осы мәселе бойынша Қостанай облысы Мемлекеттік қызмет Агенттігінің Департаменті ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің атына хат жолдады.
- «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша «Сакура: Электрондық мектеп» АЖ-да есептен шығару талонының электрондық көшірмесі жоқ, веб-порталда өтініш беру мүмкіндігі жоқ www.egov.kz, мектепке қабылдау үшін қажетті жеке құжаттар стандартының тізбесінде жоқ (оқу жылының қорытындысы бойынша бір сыныптан екінші сыныпқа ауыстыруды және тиісті сыныпқа қабылдауды тексеруді жүзеге асыруға арналған үлгерім табелі, денсаулық паспорты);
- «Негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша «электрондық үкімет» порталы арқылы беру мүмкіндігі бар, бірақ Қағидаларға сәйкес порталдағы құжаттар тізбесі жаңартылмаған;
- «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызметі бойынша баланы ҚР БҒМ АЖО жүйесі (автоматтандырылған жұмыс орны) арқылы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті берушіге аталған мемлекеттік қызметті аяқтауға мүмкіндік жоқ (көрсетілетін қызметті алушының egov арқылы электрондық өтінім беру мүмкіндігі бар, алайда көрсетілетін қызметті беруші яғни ҚР БҒМ АЖО-да (автоматтандырылған жұмыс орны) мемлекеттік қызметті көрсетуге мүмкіндігі жоқ, себебі іс-әрекеттер белсенді – қызмет алушылардың құжаттарын көруге, қызметті аяқтауға мүмкіндік жоқ), қазіргі уақытта бұл қызмет «indigo: электрондық балабақша» АЖ арқылы ұсынылады;
- 6 мемлекеттік қызметтің «электрондық үкімет» порталымен интеграциясы жоқ, осыған байланысты қағаз түрінде ұсынылады («Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау», «Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау», «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу», «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну», «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау», «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру»);
- «Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «электрондық үкімет» порталы арқылы өтінішті қабылдау үшін «Е-әкімдік» АЖ-де жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін оңтайландыру және автоматтандыру мақсатында, сондай-ақ мәселелерді шешу және порталмен техникалық проблемаларды жою бойынша шаралар қабылдау үшін білім бөлімі жыл сайын ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментіне, «ҰАТ» АҚ, қалалық әкімдікке, облыстың білім басқармасына хат жолдайды (02.11.2020 ж. № 03-20/4752, 11.09.2020 ж. 03-20/3546, 08.09.2020 ж. 03-20/3497, 14.08.2020 ж. 03-20/3024, 24.06.2020 ж. 03-20/2322, 29.04.2020 ж., 03-20/811, 28.02.2020 ж., 03-20/-811, 21.02.2020 ж., 03-20/728, 20.02.2020 ж., 03-20/702, 17.01.2020 ж., 03-20/149, 20.11.2019 ж. 03-20/3695.).
Қоғамдық мониторинг қорытындылары.
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қоғамдық мониторинг қорытындылары бойынша бұзушылықтар анықталды. Бұл жаңа мемлекеттік қызмет 2020 жылдың 24 маусымынан бастап мақұлданды. Ол «Сакура: Электрондық мектеп» ақпараттық автоматтандырылған жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Құжаттарды қағаз түрінде де, электронды түрде де сұраудың негізгі себептері болып табылады:
1. «Сакура» АЖ-да бекітілген тізбенің міндетті құжаттарының бірі болып табылатын шығару туралы есептен шығару талонының электрондық көшірмесін бекіту мүмкіндігінің болмауы;
2. қызмет алушыларда құжаттарды электронды түрде беру мүмкіндігінің болмауы, осыған байланысты мектеп электронды түрде өтініш беру кезінде көмек көрсетті;
3. еңбек демалысына байланысты жергілікті жерлерде жауапты тұлғалардың болмауы, бұл ретте оларды алмастыратын тұлғалар жаңа ережелерді толық меңгермеген (жаңа тұлғалар тағайындалды).
Қабылданған шаралар:
- «Білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларының талаптарын сақтау туралы» білім бөлімі бойынша 2020 жылғы 20 тамыздағы №706 бұйрық шығарылды;
- 08.2020 жылы БКБ режимінде білім беру ұйымдарының басшыларымен кеңес өткізілді;
- білім бөлімінің сайтында Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін сақтау бойынша ақпарат орналастырылған;
- «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ, «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметтер көрсетуді ақпараттандыру және мұрағаттар басқармасы» ММ, Қостанай қаласы әкімінің аппаратына осы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша анықталған мәселелер бойынша 09.07.2020 жылғы №04-21/2537 сұраныс жолданды.
Анықталған мәселелер: www.egov.kz. веб-порталда өтініш беру мүмкіндігінің болмауы стандарт тізбесінде мектепке қабылдау үшін қажетті жекелеген құжаттардың болмауы (оқу жылының қорытындысы бойынша бір сыныптан екінші сыныпқа ауыстыруды және тиісті сыныпқа қабылдауды тексеруді жүзеге асыруға арналған үлгерім табелі, денсаулық паспорты).
«Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде қоғамдық мониторинг қорытындылары бойынша бұзушылықтар анықталды. Мемлекеттік қызмет «Индиго: электрондық балабақша» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Денсаулық паспортын, баланың денсаулық жағдайы туралы анықтаманы талап етудің негізгі себептері:
- Жауапты тұлғалардың нормативтік құқықтық құжаттарындағы өзгерістермен уақытылы таныспау.
- Еңбек демалысына байланысты жергілікті жерлерде жауапты тұлғалардың болмауы, бұл ретте оларды алмастыратын тұлғалар жаңа ережелерді толық меңгермеген.
Қабылданған шаралар:
- 08.2020 жылы БКБ режимінде білім беру ұйымдарының басшыларымен кеңес өткізілді;
- ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 «Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына толықтыру енгізу туралы ақпарат ҚР БҒМ 2020 жылғы 17 шілдедегі № 306 бұйрығына сәйкес жолданды.
- Білім бөлімі бойынша 03.09.2020 жылғы №384 ж/қ «Тәртіптік жазалау туралы» бұйрық шығарылды;
- Білім бөлімінің сайтында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін сақтау бойынша ақпарат орналастырылған.
Жыл сайын білім бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шараларының медиа-жоспары бекітіледі.
2020 жылы 12 оқыту семинары өткізілді, бұқаралық ақпарат құралдарында 14 мақала жарияланды. Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы түсіндіру мақсатында білім бөлімі тоқсан сайын халыққа мемлекеттік қызметтер туралы, «электрондық балабақша», «Электрондық мектеп» автоматтандырылған жүйелері, қорғаншылық пен қамқоршылықтың мемлекеттік қызметтері туралы «Алау ТВ» телеарнасында бейнетаспаны орналастыру арқылы ақпарат беріп отырады (25.02.2020 ж., 04.05.2020 ж., 17.08.2020 ж., 29.10.2020 ж.), білім беру бөлімінің инстаграмм goo_kostanai парақшасында халыққа мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде Тікелей эфирлер өткізді (2020 ж.18 қыркүйек, 25 қыркүйек, 2 қазан, 9 қазан).
Білім бөлімінің сайтында және білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпарат үнемі жаңартылып отырады, мемлекеттік қызметтер орналастырылған. Білім бөлімі «Электрондық үкімет», «электрондық балабақша», «Электрондық мектеп» порталдары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша бейне нұсқаулықтар әзірледі. Бейне нұсқаулықтар білім бөлімінің және қала әкімдігінің сайттарында орналастырылған.
2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсететін 2 тұлға онлайн курстардан өтіп, сертификаттар алды.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесі білім бөлімінің тұрақты бақылауында тұр.