2018 жылдың 28 наурыз күні «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №5а мектеп-гимназиясы» ММ төңірегінде бастауыш буын оқушыларына арналған қалалық «Ступеньки открытий» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсы өткізілді.
Конкурстың негізгі мақсаты – зерттеуші мінез-құлықтың дағдыларын және зерттеу қабілеттерін жетілдіру арқылы бастауыш сынып оқушы жеке тұлғасының зияткерлік-шығармашылық потенциалын дамыту.
Конкурс екі кезеңде өткізіледі:
1) бірінші кезең – мектептік, 1 орынға ие болған жобалар Конкурстың қалалық кезеңіне қатысады;
2) екінші кезең – қалалық, жобалар мен жұмыстарды қорғау.
Зерттеу жұмыстарының қорғауы мынадай бағыттар бойынша іске асырылады:
- роботты техника, технология;
- ағылшын тілі;
- этникалық төзімділік;
- дүниетану;
- салауатты өмір салты;
- бейнелеу өнері және музыка.
Конкурстың жұмыс тілдері: қазақ және орыс.
Қатысушылардың жұмыстарын А.Байтұрсынов ат.ҚМУ және ҚМПУ профессорлық оқытушылар құрамы бағалады. Конкурсқа 157 қатысушы қатысты, 109 жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды, соның ішінде 16- бірінші, 30- екінші және 63 - үшінші орындар.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер білім бөлімінің мадақтамаларымен марапаттталады. Құттықтаймыз!