«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жоспарына сәйкес 2018 жылдың 2 ақпан күні М.Горький ат.гимназиясы аясында 2-4 сынып оқушыларына арналған қазақ тілі бойынша «Білгіштер» қалалық зияткерлік-танымдық ойынның 2 кезеңі өткізілді. Ойынға 32 топ құрамасы қатысты. Барлық топтар 3 лигаға бөлінді: І және ІІ лигалар орыс тілді оқитын мектептер және ІІІ лига қазақ тілде оқитын мектептер үшін. Ойынды А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің оқытушылары бағалады. Ойынды М.Горький ат.гимназиясының жоғары санатты қазақ тілі пәні мұғалімі Бахыткуль амандоловна Кельдибаева жүргізді. Ойын тақырыптары1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналды.
Ойын екі сайыстан тұрды: 1)капитандар сайысы: «Тестілеу» және «Кім шапшаң»; 2)топтық ойын: «Эрудит» және «Сұрақ-жауап». Ойынның қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған құрамалар: 1 лига - «Алға» (№24а МГ), 2 лига - «Тапқырлар» (ДОМ) және 3 лигада «Көшбасшылар» (№1 МЛ).
Ойынды 8 сынып оқушысы Амина Жумагалеева «Мен қазақпын» және «Өсиет» өлеңдерін орындады және 7 сынып оқушысы Егор Штрец Ыбырай Алтынсаринннің «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңін мәнерлеп оқып берді.
Келесі ойын ағымдағы жылдың наурыз айында өткізіледі.