Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

  2018 жылдың 1 ақпан күні «Рухани жаңғыру» жобасын жүзеге асыру аясында №18 мектеп-гимназиясы төңірегінде  «Маусымның ашылуы» қалалық ойынының 2 кезеңі өткізілді.

         «Маусымның ашылуы» зияткерлік-танымдық ойынның мақсаты ойын әрекетін ұйымдастыру арқылы білім алушылардың зияткерлік деңгейін арттыру және танымдық үдерістерін дамыту үшін жағдай жасау.

2 кезеңде Қостанай қаласының білім мекемелерінен 32 құрама қатысты. Әр құраманың ішінде үш адам (әр параллельден бір қатысушы). Оқыту тілі – қазақ және орыс. Ойынның барысында балалар Қостанай облысының және қаланың өнеркәсіп секторы туралы, сонымен қатар қала мен облыстың тарихы жөніндегі сұрақтар бойынша жауап берді. «Өткендер шежіресі» сайысында оқушыларға «Қостанай қаласының архитектуралық стилі» тақырыбы ұсынылды. Құрамаларға ескерткіш немесе архитектуралық ғимараттардың ұсынылған фотосуреттері арқылы жауап беруге тиіс болды. Сонымен қатар, қосымша көмек алу арқылы ғалым, ақын, тарихи тұлғалардың есімдерін тауып, жауап беретін тапсырмалар болды.

2 кезеңнің қорытындысы бойынша келесі құрамалар ең көп ұпай жинаған құрамалар:

1 лига – Чапаев негізгі мектебі;

2 лига – ФМЛ және МГГ;

3 лига - №4 орта мектебі.

Келесі кезең 2018 жылдың наурыз айында өткізіледі.