2018 жылдың 5 наурыз күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында №18 мектеп-гимназиясы төңірегінде 5-7 сынып оқушыларына арналған «Маусымның ашылуы» қалалық ойынның 3 кезеңі өткізілді.
Ойынның мақсаты ойын әрекетін ұйымдастыру арқылы білім алушылардың зияткерлік деңгейін арттыру және танымдық үдерістерін дамыту үшін жағдай жасау.
3 кезеңде Қостанай қаласының мектептерінен 30 құрама қатысты. Әр құраманың ішінде үш адам (әр параллельден бір қатысушы). Оқыту тілі – қазақ және орыс. Ойынның барысында қатысушылар ежелгі дәуірдегі Қазақстан, ортағасырлар кезеңі, жаңа заман және Тәуелсіз Қазақстан бойынша сұрақтарға жауап берді.
3 кезеңнің қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған құрамалар:
1 лига – №3 мектеп-гимназиясы;
2 лига – №9 орта мектебі;
3 лига - ФМЛ.
Келесі кезең «география» пәні бойынша 2018 жылдың мамыр айында өткізіледі.