Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

Қостанай қаласының білім бөлімі «DamU.KST» ҚБ – мен бірлесіп іске асыратын «Абай-қазақ даласының ұлы» әлеуметтік жобасы шеңберінде өткізілген мәнерлеп оқу байқауының екінші кезеңінің қорытындысы шығарылды.

І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының сахнасында өткен театрландырылған көріністе байқаудың бірінші кезеңінен сәтті өткен 11 оқушы өз таланттарын көрсетті. Қатысушылардың әрқайсысы қойылымға мұқият дайындалды. Театр сахнасынан шыққан ұлы Абайдың театрландырылған бейнелері, ұлттық киімдері, әндері, өлеңдері іс-шараны жарқын әрі есте қаларлықтай жасады.

Байқау қорытындысы бойынша Ильдинбаева Дана (№16 ОМ), Бурда Матвей (№5 ОМ), Нурахметова Мелек (№115 ОМ), Мейрамова Диана және Жулбарисов Санжар (№23 ОМ) жеңімпаз атанды. Екінші орынды Алибаева Махаббат (№5 ОМ), Есмагызам Марал (№10 ОМ) және Диана Михейко (№8 ОМ) өзара бөлісті. Үшінші орын Маляренко Татьяна (№5 ОМ), Алиса Головащенко (№21 ОМ), Сексенбаева Лаура (№10 ОМ) және Хыдырбек Нұртөреге (№28 мг) бұйырды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!