Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

018 жылғы 21 ақпанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының және Цифрлық Қазақстан жобасының шеңберінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен Қостанай қаласының екі білім беру ұйымында, яғни «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің техникалық шығармашылық мектебі» КММ және «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М.Горький атындағы гимназиясы» ММ базасында «Цифрлық технологиялар» кабинеттері ашылды.

Цифрлық технологиялар кабинеті кеңсе жиһазымен, 3Д принтермен, 3Д сканермен, мультимдиялық панельмен, робот техникасы бойынша жинақтың үш түрімен және өз модельдерін құруға арналған аксессуарлары бар автотрекпен жабдылқталған.

Цифрлық технологиялар кабинеті оқушылардың көп бөлігін қамтып қана қоймай, сондай-ақ әр түрлі деңгейдегі олимпиадаларға, байқауларға дайындалу үшін мүмкіндіктерді кеңейтеді.

Робот техникасы сабақтары оқушылардың және олардың ата-аналарының қызығушылықтарын тудырады. Сондықтан да осы салада білікті маман болу үшін терең білім мен әр түрлі білім саласындағы дағдылар қажет.

Цифрлық технологиялар кабинеттеріне тек қана М.Горький атындағы гимназиясы мен қалалық техникалық шығармашылық мектебінің оқушылары ғана емес, жалпы Қостанай қаласы мектептерінің барлық қызығушылық танытқан оқушылары бара алады.