Экономикалық бағдарламаларды, экономикалық білім беруді дамыту және оқушылардың кәсіптік даярлауды тарату мақсатында «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы 2018 жылдың 14 ақпан күні А.М.Горький атындағы гимназияның төңірегінде экономика бойынша оқушылардың Республикалық турнирінің облыстық кезеңін өткізді. Турнирге қаланың 10-11 сынып оқушыларынан жиналған 28 қатысушылар қатысты.
Турнир қатысушылары тест тапсырмаларын орындап, экономикалық есептерді шығарды. Әділ-қазылар шешімімен М.Қозыбаев ат. №23 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Кузьмич Александр 2 орынды, М.Хәкімжанова ат.№20 орта мектебінің 11 сынып оқушысы 3 орынды иеленді.
Барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді, жеңімпаздарға диплом мен медальдар табыс етілді.