Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

А.ж. 21-22 наурыз аралығында онлайн форматта «Наурыз достарын шақырады» атты  ІІ халықаралық хореографиялық өнер фестивалі өтті, оның бастамашысы «Карнавал» хореографиялық мектебінің директоры Фахрутдинов Шамиль Абдрахманович болды.

Фестиваль «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Оның негізгі мақсаты -

Қазақстанның қазіргі заманғы қазақстандық мәдениеті мен хореографиялық өнерін танымал ету, балалар мен жастардың хореографиялық шығармашылығын насихаттау және қолдау болды.

Фестивальді Қостанай облысының әкімдігі, білім басқармасы, мәдениет басқармасы, Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қостанай қаласының білім бөлімі ұйымдастырды. Ал қатысушылар қатарында Қазақстан, Ресей, Украина, Луганск Халық Республикасы, Беларусь Республикасы, Грузия, Армения, Молдова Приднестровск Республикасы, Өзбекстан және  Қырғызстан хореографиялық ұжымдары болды.

    Барлық 15 концерт жоғарыда аталған ұйымдардың сайттары мен әлеуметтік желілерінде орналастырылған.