«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Балалардың заманауи бастамалары – Рухани жаңғыру негізі» тақырыбындағы «Балалардың бастауы-2018» балалардың әлеуметтік бастамалары байқауы өткізілді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен ұйымдастырылған «Балалардың бастауы-2018» байқауы балалардың азаматтық ұстанымын белсенділігін тәрбиелеуге, өз қала, ауылының тыныс тіршілігіне қатысу құқықтарымен дағдыларын қалыптастыруға, өмірлік бағдарына дұрыс таңдау жасауға, балалар бастамаларын іске асыру алаңын құруға бағытталған.
Байқауға қатысу үшін 11- ден 18 жас аралығындағы білім ұйымдарының оқушылары, оның ішінде интернаттық мекемелерінің оқушылары, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, ерекше білім қажеттіліктері бар балалар шақырылады. Жеке немесе топтық жобалар білім бөлімімен 2018 жылғы 1 наурызға дейін қабылданады.