Тәуелсіздік – мемлекеттігіміздің алтын діңгегі, дербестігіміздің берік негізі. Тарихы бай, тамыры терең Қазақ елі үшін бұдан асқан қастерлі құндылық жоқ. 2021 жылғы 12-20 тамыз аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Қостанай қаласының техникалық шығармашылық қалалық мектебінің базасында қасиетті Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Менің кіші Отаным» атты челленджі өтеді.
Іс-шараны Қостанай қаласының техникалық шығармашылық мектебі Қостанай қаласының білім бөлімімен бірлесіп ұйымдастырады. Челлендж балалар мен ересектердің назарын өзінің кіші Отанының табиғи және мәдени мұрасын кешенді зерттеуге және сақтауға тарту, сондай-ақ мәдени және табиғи мұраны сақтауға ықпал ететін этнос пен табиғи ортаның өзара қарым-қатынасын зерттейтін педагогтердің, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық бастамаларын анықтау және қолдау мақсатында жүргізіледі;
Челлендж Instagram әлеуметтік желісінде және YouTube арнасында өтеді. Оған қатысуға тек техникалық шығармашылық мектебінің тәрбиеленушілері ғана емес, сондай-ақ өздері мақтан тұтатын кіші Отанның сүйікті орындары туралы айтуға тілек білдірушілер де шақырылды.
Туған өлкенің табиғаты, сәулеті, өзіндік ерекшелігі туралы айтуға деген ұмтылыс көптеген балаларды қатысуға тартады.
Ссылки на видеоматериал: