2020 жылы 27 ақпанда «Мирас» қалалық мәдениет сарайында мектеп пен қаланың мәдени өміріндегі жыл сайынғы дәстүрлі, жарқын оқиғаға айналған кадет балы өтті.
Іс- шараның идеялық шабыттандырушысы және ұйымдастырушысы
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы №5 орта мектебі» ММ. Мұндай балдар - болашақ офицерлердің эстетикалық және мәдени тәрбиесінің көрсеткіші. Олар тек қана бал мәдениетін жаңғыртып қана қоймай, сонымен қатар рухани дамыған, адамгершілік жағынан сау, әлеуметтік- мәдени жағдайларда бағдар ала алатын тұлғаны қалыптастырады, сондай-ақ өскелең ұрпақтың азаматтық-патриоттық ұстанымын дамытады.
Бәрі де кадеттер балының ең жақсы дәстүрлерімен өтті, ол міндетті түрде дресс-код, хаттама рәсімдері және бал этикеті. Әскери киім, қыздардың киімдері мен әдемілігі – бәрі де өткен күндердің ережелері бойынша өтті. Төртінші кадет балының лейтмотиві «Қысқы тарихи бал» тақырыбында болды.
Балда 9-11 сыныптардың оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар қатысты.