Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ «Ровесник» ҚБ – мен бірге оқушылардың оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру мақсатында «Кітап-білім бұлағы» бірлескен жобасын іске асырды.

Жоба аясында а.ж. 14 қарашасында Л.Толстой атындағы қалалық кітапхана базасында атақты жазушы Б. Майлиннің 125 жылдығына арналған оқырмандар конференциясы өтті. Конференцияға қала мектептерінің 8-10 сынып оқушылары қатысты.

Іс-шараға белгілі ақын, драматург, Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағының мүшесі, «Алаш» халықаралық сыйлығының лауреаты Ақылбек Шаяхметов, И.Омаров атындағы театр актерлері, сондай-ақ Қостанай қаласы «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Назира Жаримбетова қатысты.

Қонақтар балаларға біздің атақты жерлестеріміздің өмірі мен қызметі туралы айтып, жастарды оның шығармаларын оқуға шақырды. Театр актерлері конференцияға қатысушыларды Б. Майлин туралы қойылыммен қуантты. Іс-шара барысында көрнекті жазушы туралы бейнесюжеттер көрсетіліп, өлеңдер оқылды. Сонымен қатар кітап көрмесі ұйымдастырылды, онда балалардың назарына Б. Майлин туралы басылымдар мен шығармалары ұсынылды.

Сонымен қатар, жоба аясында оқырман белсенділігінің жаңа түрлерін дамыту мақсатында оқушылар, мұғалімдер, кітапханашылар қатысқан мектеп буккроссингі (а.ж. 1-30 қараша аралығында) ұйымдастырылып, өткізілді.

Сондай-ақ, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын насихаттау мақсатында өскелең ұрпақ арасында қала мектептерінде ақпараттық жұмыстар жүргізілді. 

123

465