Ағымдағы жылдың тамыз айында қаланың білім бөлімі «Sanaly Urpaq – 2050» ҚҚ бірлесіп «Ұлы дала мұрасы» әлеуметтік жобасы аясында қала мектептерінің оқушылары арасында туған өлкенің киелі жерлері туралы үздік бейнероликке қашықтықтан байқау өткізді.
Байқаудың шарттары бойынша оның әр қатысушысы өз бетінше аймақтың қасиетті объектілері туралы бейнероликті жасап, оны көргеннен кейін сипатталған жерлерге экскурсиялық сапар жасағысы келетіндей етіп жасауы керек еді. Балалар өз роликтерінде Торғай геоглифтері, Ыбырай Алтынсарин кесенелері, Кейкі батыр, Барақ-әулие, Косьма мен Дамианның киелі қайнар көзі, Отанымыздың астанасының киелі объектілері туралы және т.б. туралы әңгімелеп берді. Мұндай іс-шаралар өз қаласының және оның маңайының тарихын зерделеуге түрткі болады.
Бірінші турдың қорытындысы бойынша Глухий Валерий (№2 МЛ), Григоревская Лариса (№23 ОМ), Аббасов Эсмира (ДОМ) және Шадаускас Илья (ДОМ) оқушыларының жұмыстары үздік бейнероликтер болып танылды.