Ағымдағы жылы «Sanaly Urpaq – 2050» қоғамдық қоры «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ тапсырысы бойынша «Ұлы дала мұрасы» қашықтық конкурсын өткізді.
Конкурсқа қатысушылар Қостанай облысының көрікті жерлерін насихаттауға, ішкі туризм үшін өңірдің тартымдылығын ашуға бағытталған бейнероликтер дайындады. Жарияланымдармен өзара әрекеттесудің ең көп санын жинаған 15 қатысушы екінші кезеңге өтті.
Бұл кезеңде қатысушылар презентация түрінде киелі жерлерге экскурсия дайындады. Қазылар алқасы ең жақсы 5 бағытты таңдады.
Жеңімпаздар: Зеленцов Вадим №22 ЖББМ, Султанова Элина және Деренюга Анжелика ФМЛ, Кудербекова Нурай №10 ЖББМ, Белынь Станислав №14 мектебі, Бессмертная Альбина №13 НОМ.
Жеңімпаздар Алтынсарин ауданындағы қасиетті Омар құдығына экскурсиялық сапарға қатысады.
Ссылка: https://www.instagram.com/p/CU44Fzigjqb/?utm_medium=copy_link