Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімінің №28 мектеп-гимназиясында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында Қостанай қалалық «Махамбет оқулары» байқауы өтті.

Байқаудың басты мақсаты – Махамбет шығармашылығын және оның туындыларын зерделеуді насихаттау, оқушыларды Қазақстан ұлы ақын және ойшылдарының шығармашылығына тарту. Байқауға қатысу үшін негізгі 3 номинация бойынша шарттар қойылды. 13 білім беру ұйымынан 16 қатысушы байқауда бақ сынауға бел буды. Оның ішінде Махамбет, Төлеген Айбергенов, Фариза Оңғарсынова шығармаларын жатқа оқып, «Ел құтқарар ер едім..» номинациясында жүлделі бірінші орынды Сырбай Мәуленов атындағы гимназияның 8 сынып оқушысы Тұрсынбек Ажар, екінші орынды №15 жбб мектебінің оқушысы Каирбекова Томирис, үшінші орынды №22 жбб мектебінің оқушысы Джангушкаров Данияр иеленді. Махамбет күйлерін, Төлеген Айбергенов, Фариза Оңғарсынованың өлеңдеріне шығарылған әндерін орындап, «Ұлы арман» номинациясында Физика-математикалық лицей оқушысы Гаус Егор және №17 орта мектеп оқушысы Ельжанова Мадина жүлделі екінші орынды бөлісті. «Тартынбай сөйлер асылмын..» атты номинациясы бойынша  жүзден жүйрік болып №28 мектеп-гимназиясының оқушысы Нұралыұлы Жамбыл бірінші орынды иеленсе, №122 жбб мектебінің оқушысы Зерничено Радмила екінші орынды иеленді. 2021 жылдың 23 ақпанында сағат 14:00-де ZOOM желісі арқылы жүлделі орын алған оқушылар мен жетекшілер марапатталып, жүлделі бірінші орын алған дарынды оқушыларымыз облыстық деңгейде болатын кезеңге жолдама алды.

1м2м