Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Саналы азамат» базалық бағытын жүзеге асыру шеңберінде қаланың үш мектеп базасында педагогтардың, 8-11 сынып оқушыларының және әлеуметтік-белсенді кәсіпкерлердің қатарынан ата-аналар қауымдастығының қатысуымен бизнес-клубтар ашылды. Бизнес-клубтардың жұмысының мақсаты бәсекеге қабілеттілікті, прагматизмді, ашық ойлауды, экономикалық сауаттылықты, әлеуметтік жауапкершілікті, сонымен қатар бизнес ортаға қатысушыларының өзін-өзі табысты жүзеге асыруы үшін қажетті дағдыларды дамыту болып табылады. 2018 жылы бизнес-клубтар МГГ, №3 МГ және №115 ОМ базасында жұмыс істейді. Сабақтар ай сайын өткізіледі және оларды өткізу үшін жеке кәсіпкерлер қатарынан ата-аналар тартылатын болады. Жыл сайын мектеп базасындағы бизнес-клубтардың саны артып жатыр.