Ағымдағы 2021 жылдың 17 наурызында Музыка мектебінің 2 корпусында оқушылардың патриоттық қасиеттерін, Отанға деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу, сондай-ақ жас ұрпақты ұлттық мәдениет пен дәстүрлерге баулу мақсатында "Наурыз" мерекесіне арналған онлайн түрінде көрме-концерті болып өтті. Бұл іс-шара дәстүрге айналды және көптеген жылдар бойы өткізіліп келеді. Аталмыш іс-шараның ұйымдастырушылары Қостанай қаласының Балалар музыка мектебі мен А.Никифорова атындағы көркемсурет мектебі болып табылады.
Іс-шара барысында музыкалық мектеп тәрбиеленушілерінің орындауында орыс халқының музыкасы, қазақстандық композитор А.Серкебаевтың, халық ақыны Дайрабайдың шығармалары шырқалды.
Сонымен қатар, Музыка мектебінің холлында Қостанай қаласының Көркемсурет мектебінің жас суретшілерінің көрмесі ұйымдастырылды.
https://www.facebook.com/groups/dmsh.kst/permalink/955532845185505/