«Рухани жаңғыру- болашаққа бағдар» бағдарламасын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 6 қарашасында Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебінде мемлекеттік тілде оқытатын 3-4 сынып оқушылары үшін «АТАЖҰРТ» қалалық этнографиялық зияткерлік сайысы өтті.
Байқау қала мектептерінің арасында екінші жыл өткізіліп жатыр. Оның идеялық ұйымдастырушысы - №9 ОМ мұғалімі Ергалиева Мертай Амановна болып табылады. Байқаудың мақсаты-оқушылардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамыту, мемлекеттік тілде оқытатын мектептер арасында сабақтастықты орнату, сондай-ақ өскелең ұрпақ арасында Г. Қайырбеков шығармашылығын насихаттау.
Қалалық байқауға қаладағы қазақ және аралас мектептерден 11 мектеп командасы қатысты. Олар:№1 МЛ, №9 ОМ, №10 ОМ, №11 ОМ, №15 ОМ, №17 ОМ, №18МГ, №20 ОМ, №24 МГ, №29 ОМ, №115 ОМ. Ол алты кезеңнен тұрды:
- бірінші кезеңде командалардың өзін-өзі таныстыруы;
- келесі кезең «Өткел» деп аталып, оқушылар Қазақстан тарихы, мәдениеті, дәстүрлері туралы білімдерін көрсетті;
- келесі кезеңдерде латын әліпбиін үйрену мақсатында «Zerek bala», «Sozdi tap» электрондық қосымшаларымен жұмыс жасалды;
- -соңғы кезеңде Г.Қайырбековтың өмірі мен шығармашылығына экскурсия жасалып, мәнерлеп оқу сайысы жалғасты.
Жоғары нәтиже көрсеткен командалар қалалық білім бөлімінің грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды:
- 1 орын № 24 МГ (басшы Антаева М.Т.),
- 2 орын № 9 ОМ (басшылары Ермаганбетова Г.К., Якупова Н.А., Жумагулова Г.Б.)
- 3 орын №15 ОМ (басшы Иралинова Л.М.) мен №17 ОМ (басшы Балесова З.А.)
Өлеңдерді мәнерлеп оқу байқауында № 9 орта мектебінің оқушысы Ибраев Диас пен № 17 орта мектебінің оқушысы Кылышбай Самрат ерекше көңілге ие болды.