2018 жылғы 07 шілдеде «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М.Горький атындағы гимназиясы» ММ бастауыш сынып кабинеттері үшін интерактивтік жабдықтар (проректор, тақта) салтанатты түрде ұсынылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасын жүзеге асыру шеңберінде демеушілік көмекті гимназия оқушысының ата-анасы және «Нұр Отан» партиясымен бірлесе «Каз Интер Уголь» ЖШС директоры Е.Е.Брежкина көмек көрсетті. Заманауи жабдықтар жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жұмыс істейтін бастауыш сынып мұғалімдеріне көмек болады.