Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

Әлемде отбасыдан, баладан және бақытты балалық шақтан асқан маңызды және құнды еш нәрсе жоқ. Сондықтан жыл сайын Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің А.И. Никифоров атындағы көркемсурет мектебі» МКҚК «Менің балалық шағымның әлемі» атты балалар суреттерінің онлайн көрмесін ресімдейді.

Балалар өздеріне қызықты нәрселерді, достарымен және ересектермен бөліскілері келетін ортақ дүниелерді күннің шуағын, көк  аспанды, кемпірқосақтың бейнесін, бақытты отбасының суреттерін қағаз бетіне түсіреді.  Балалардың жарқын және әсерлі жұмыстары бізге қуаныш пен жақсы көңіл-күй сыйлайды!

Көрмеге мектептің дайындық бөлімінің балалары да, жоғары сыныптар да белсене қатысты. Ең белсенділері көрермендерге бірден бірнеше жұмыстарын ұсынды.

Көрмеде акварельмен, гуашьпен, акрилмен жасалған кескіндеме жұмыстары, сәндік мозаикалар, аппликациялар, витраждар, киізден жасалған бұйымдар, табақшаға  сәндік бояу салу  және басқа да көптеген таңғажайып техникалар сияқты түрлі техникаларда орындалған 100-ден астам композиция ұсынылған. Сюжеттер желісі ертегі сарындарын, балалар армандарын, туған өлкенің әсемдігі мен кеңдігін қамтыды.

Өнер әлеміне қол тигізгісі келетіндердің барлығын таңғажайып онлайн көрмеге шақырамыз!

1м2м3м4м6м5м7м8м