Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

2017 жылдың 28 қараша  күні Физика-математикалық лицейі төңірегінде  Республикалық конкурстың ғылыми жобаның облыстық кезеңі өткізілді.

          Конкурстың мақсаты мен міндеттері:

  • оқушылардың оқу-танымдық және ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру;
  • талантты және дарынды жас зерттеушілерді іздеу және қолдау;
  • Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу.

Республикалық ғылыми жобалар конкурсы – «Қазақстан – 2050» стратегиясындағы Қазақстан дамуының экономикалық және әлеуметтік модельдері» тақырыбы аясындағы төрт бағыт бойынша өткізіледі:

  1. «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны» (физика, техника, Жер және космос туралы ғылым);
  2. «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу» (информатика, математика, қолданбалы математика, экономика);
  3. «Таза табиғи орта – Қазақстан - 2050 стратегиясын іске асырудың негізі» (биология, адам денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау, химия);
  4. «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат бағдарлары» (тарих, өлкетану, этномәдениеттану, қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті, тіл білімі (қазақ, орыс, шетел тілдері)).

Қала құрамасының қоржынында ұсынылған 66 жобадан 42 жүлделі орын. Соның ішінде бірінші – 9, екінші – 14, үшінші  - 19. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.