Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

2018 жылғы 23 ақпаны мен 6 наурыз аралығында Дэджон қаласында (Оңтүстік Корея) «Жас ғалым» халықаралық ғылыми байқауы өткізілді. Жыл сайын Қостанай облысының оқушылары осы байқауға қатысады. Осы жылы «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің физика-математикалық лицейі» ММ 10 сынып оқушысы Хан Артем қатысты. Артем «Жер және космос туралы ғылым» секциясында өз жұмысын қорғады. Артемның «Юпитер и Солнце - двойная звездная система» ғылыми жұмысы III орынды иеленді.

 Байқау зерттеу қызметіне қатысушы Кореядан және басқа елдерден келген жастардың зияткерлік және жеке дамуы мақсатында өткізілді; білім беру ұйымдарындағы оқушылардың ішкі құрылымын зерттеуін ұйымдастыру жүйесін дамыту.Байқау бағдарламасы тек жобаларды қорғауды ғана емес, экскурсиялық бағдарламаны да қарастырады: ғылыми, тарихи музейлерге, Император сарайына, Сеул қаласының белгілі көшелеріне, Президент резиденциясы жанындағы мәдениет орталығына, электроника және телекоммуникация ғылыми-зерттеу институтына, «Lotte world» ойын-сауық саябағына баруды қамтиды.

 Артемды құттықтаймыз және жаңа табыстарға жетуді тілейміз!