«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, 19-26 қаңтар аралығында, алғаш рет 55 жылдық тарихында сырттай түрінде Қостанай қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен жас музыканттардың қалалық байқауы өтті.
Байқаудың басты мақсаты-тәрбиеленушілердің музыкалық дарындылығын дамыту, ұлттық музыкалық дәстүрлерді насихаттау, жас музыканттардың дәстүрлі мәдениетін орындау мен кәсібилігін арттыру болды.
Байқауға қатысу шарттары өте қатал болды, және қатысушылардың білім деңгейінің жоғары болуын болжады, сондықтан «Балалар музыкалық мектебінің» барлық тәрбиеленушісі талап етілетін репертуарды аталмыш іс-шарада толықтай игеріп, өзін таныта алмады. Байқаудың басты шарты отандық автордың шығармасын орындау болды. Жас музыканттардың байқауға қашықтықтан дайындалғанын ескеретін болсақ, қойылған міндетті жүзеге асыру оңайға түскен жоқ.
Байқау талаптарының күрделілігін ескере отырсақ, шығармашылық сайыста лауреаттар атағы үшін үздіктердің үздігі бәйгеге түсті, 22 оқушы және оркестр бөлімінің 2 ұжымы: ішекті-ысқылы, үрмелі, және соқпалы, аспаптарының ойнату ғажабын көрсетті. .
Тәрбиеленушілердің көпшілігі қашықтықтан қатысқанына қарамастан, көріністері бейне жазба түрінде болса да, өздерін нағыз әртіс ретінде көрсетті. Олардың ойыны шығармалардың түрлі стильдер мен жанрларда жоғары деңгейде орындалуымен, композиторлық ойды тыңдаушыларға жеткізе білуімен сипатталды.
Облыстық жас музыканттар байқауында Қостанай қаласын таныстыратын қатысушылардың есімдері және байқаудың қорытындысы кейінірек белгілі болады.
2021 жылы өткен қалалық сайыс, болашақ жеңістер мен жетістіктерге арналған өзіндік бастапқы алаңға айналды, барлық қатысушылар республикалық және халықаралық деңгейлерде "музыкалық Олимп" шыңдарын одан әрі бағындыруды жоспарлап отыр.
Ендеше, Қостанайдың жас таланттарына жаңа биіктерден көрінуді , және сәттілік пен шабыт тілейміз!