Авторизация
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Государственное учреждение "Отдел образования города Костаная" управления образования акимата Костанайской области
AA+

Қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 03 наурызында ДЖББМ базасында Жас бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Мұғалімнің функционалдық сауаттылығы – оқушының функционалдық сауаттылығын дамытудың негізі» атты әдістемелік квест өтті.

Бұл іс шараның мақсаты оқушының функционалдық сауаттылығын дамытудың құрамдас бөлігі ретінде мұғалімдердің функционалдық сауаттылығын дамыту мүмкіндіктерін анықтау болды.

Мектеп педагогтары Л.А. Күзембаева, С.В. Сухинина, Л. В. Конник, Л. Д. Гуляева, Р. К. Оспанова, Н. О. Нұрғазина, Г. Р. Садуакасова, А. Б.Досмағамбетова, сондай-ақ Ә.Бөкейхан атындағы ЖББМ Ж.М. Бекмурзина және Б. М. Байсаматова өз жұмыстарының тәжірибесінен материалдар көрсетті.

Практикалық бөлімде функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған әртүрлі тапсырмалар мен жаттығулар қолданылды.

Соңында жас педагогтарға оқушылардың сауаттылығының негізі ретінде өздерінің функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.