Авторизация
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Государственное учреждение "Отдел образования города Костаная" управления образования акимата Костанайской области
AA+

Дуненбаева Ботагоз Каратаевна

Жұмыс орны : Қостанай қаласы №24 мектеп-гимназиясы.

Категориясы: педагог-шебер.

Педагогикалық қызмет өтілі 30 жылдан аса (1988 – 2022).

       Өзінің еңбек жолын 1988 жылы Қостанай облысы Боровской ауданының №1

орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі қызметінен бастап, қазіргі таңда Қостанай қаласы №24 мектеп-гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарады.

       Қызмет ету барысында Дуненбаева Ботагоз Каратаевна  өз ісін жетік меңгерген сауатты маман, қазіргі заманға сай әдіс – тәсілдерді қолдана біледі. Оқытушы беретін сабағының теориялық және практикалық жақтарын жетік меңгерген. Ол еңбек еткен 30 жылда талай жетістіктерге жетіп, мектепшілік, қалалық, республикалық, халықаралық  сайыстарға қатысып мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз. 

        Сабақтарда оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға ұштастырылған тапсырмаларды беріп,  осы жұмыстарының қорытындысы ретінде мына лицензиялық жұмыстары  шықты. Олар:

 «1 -2 сынып оқушыларына арналған «Магистр» электронды  - әдістемелік құрал.

«Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік қабілеттерін қалыптастыру», әдістемелік құрал.

   «Дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу технологиясы», ISBN 978-601-7545-34-5;

Дуненбаева Б.К. жетекшілік ететін мектепішілік «Бастау» командасы жыл сайын   Республикалық математикалық турнирінде жүлделі  2 - Гран При,  2 – І орын, 3 - 2 орынға ие болып келеді. Биылғы оқу жылында Гран При жүлдесін иеленді.

2015- 2016 оқу жылында Республикалық фестиваль «Педагогический поиск в развитии личностного интеллекта в условиях обновление содержания образования», «Лучшая методическая разработка» қатысып, 3 орын;    

2017-2018 оқу жылы «Жаратылыстану- ғылымға кіріспе» Республикалық қашықтық олимпиадада І деңгейлі диплом;

Бастауыш сынып мұғаліміне арналған республикалық «ПедСтарт» математикалық олимпиадасында ІІІ  орын 2019 оқу жылы;

2019 оқу жылында сәуір айында Нұр-Сұлтан қаласында дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебі ұйымдастырған халықаралық математикалық «Зерде» олимпиадасы аясында ұйымдастырылған бастауыш сынып мұғалімдері арасындағы олимпиадада ІІ орынға ие болды.

2019 жылдың аттестаттау нәтижесі бойынша ол «Мұғалім-шеберіне» ие болды. 

2020-2021 оқу жылында «Бастау» республикалық математикалық турнирінде Гран-При жүлдесін;

 2021-2022 «Бастау» математикалық турнирінде ІІ орын.

       Ол мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық. Ол адамгершілік, сыйластық деген ұғымдарды бірінші орынға қояды. Ұжыммен тіл табысқыш, ибалы, кішіпейіл, қарапайым ұстаз. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз.

Дуненбаева Ботагоз Каратаевна еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтайды, өзінің міндеттерін адал, риясыз және сапалы атқарады. Қызметтен тыс уақытта жалпы жұрт таныған әдеп нормаларын ұстанады, сыпайылық танытады, мұғалімдер мен ата-аналар қоғамы арасында беделді.