Рахимова Эльмира Ерсалимовна,
Қостанай облысы білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімінің №1 мектеп-лицейі" КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Жұмыс өтілі: 18 жыл, санаты-педагог-шебер. Білімі: жоғары, педагогика ғылымдарының магистрі.
Әдістемелік тақырыбы: "Сын тұрғысынан ойлау технологиясы шартында оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамыту". Рахимова Эльмира Ерсалимовна, 18 жылдан бері ұстаздық қызмет атқарып келе жатыр.
Қазіргі таңда әлемдегі мықты, дамыған Қазақстанға айналу, жаңарту үдерісі қоғамымыздың барлық саласында жүргізілуі әлемдік деңгейге сай болуды талап етеді. ХХІ ғасырға лайық, әлемдік өркениет көшіне ұялмай тізе қостыратын, дамыған елдермен терезе теңестіретін, бәсекелестікке қабілетті елу елдің санатына қосылу үшін елімізге тәрбиелі, білімді ұрпақ керектігі айтпаса да түсінікті. Оның ойынша, қазіргі жаңа формациядағы мұғалімге қойылатын талап өте қатаң. Олар: педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын, педагогикалық өзгерістерге тез бейімделетін, жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын, оқушылармен ортақ тіл табыса алатын, білімді, іскер,шебер болу керек. Осы критерийлерге сәйкес болу үшін үздіксіз білім алу қажет.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен бірнеше авторлық жұмыстардың авторы, кәсіби деңгейімді ұштауға, біліктілігімді арттыруға республикалық деңгейдегі сараптамалық топтарда жұмыс істеуі көп септігін тигізді.
2021 жылдан бастап халықаралық деңгейдегі оқулық сарапшылар курсын өтіп "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәнінен оқулықтардың сарапшысы.Пандемия кезінде ең алғашқылардың қатарында оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша шығармашылық топтардың мүшесі болды.
Ең алғаш ТВ-сабақтарына оқу-әдістемелік қолдау жасап, сараптама жасады. Пандемия кезінде БЖБ, ТЖБ жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік топ мүшесі болды. Сол жылы ҚР Президенті жарлығымен "Халық алғысы" медаліне ие болды.
Сонымен қатар, еліміздегі ең көп қолданатын онлайн платформалардың бірі - «Bilimlend» білім жобасында жаңартылған білім мазмұны бойынша тапсырмалар әзірлеуші болды.
Жыл сайын оқушылары облыстық, республикалық деңгейдегі пәндік олимпиада және ғылыми жобалар байқауының жүлдегері атанады.
«Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, кәсіби ұстаз өз білімін жетілдіруге, өз-өзін дамытуға уақытын аямау керек деп есептейді. Жақсы ұстазға екі ғана нәрсе керек, оның бірі- терең білім болса, екіншісі – үлкен жүрек. Педагог құзыреттілігімді арттыру үшін педагогикалық кәсіби байқауларға үнемі қатысып жүремін. Халықаралық Юнеско ұйымы және ҰБА қолдауымен өткізілген "Тұрақты даму мүддесінде білім беру және жаңа технологиялар салаларындағы көшбасшы ұстаздар" байқауының "Сабақ жоспары" номинациясында 1-дәрежелі дипломға ие болды.