Авторизация
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Государственное учреждение "Отдел образования города Костаная" управления образования акимата Костанайской области
AA+

2018 жылдың 28 наурыз күні «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №5а мектеп-гимназиясы» ММ төңірегінде бастауыш буын оқушыларына арналған қалалық «Ступеньки открытий» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсы өткізілді.

Конкурстың негізгі мақсаты – зерттеуші мінез-құлықтың дағдыларын және зерттеу қабілеттерін жетілдіру арқылы бастауыш сынып оқушы жеке тұлғасының зияткерлік-шығармашылық потенциалын дамыту.

Конкурс екі кезеңде өткізіледі:

1) бірінші кезең – мектептік, 1 орынға ие болған жобалар Конкурстың қалалық кезеңіне қатысады;

2) екінші кезең – қалалық, жобалар мен жұмыстарды қорғау.

Зерттеу жұмыстарының қорғауы мынадай бағыттар бойынша іске асырылады:

 

  • роботты техника, технология;
  • ағылшын тілі;
  • этникалық төзімділік;
  • дүниетану;
  • салауатты өмір салты;
  • бейнелеу өнері және музыка.

 

Конкурстың жұмыс тілдері: қазақ және орыс.

Қатысушылардың жұмыстарын А.Байтұрсынов ат.ҚМУ және ҚМПУ профессорлық оқытушылар құрамы бағалады. Конкурсқа 157 қатысушы қатысты, 109 жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды, соның ішінде 16- бірінші, 30- екінші және 63 - үшінші орындар.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер білім бөлімінің мадақтамаларымен марапаттталады. Құттықтаймыз!