«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ және дарынды балалармен жұмысы бойынша «Дарын» қалалық орталығының 2017-2018 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілін оқуға деген ынтасын арттыру мақсатында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында дарынды балалармен жұмысы бойынша «Дарын» қалалық орталығы, 2-4 сынып оқушыларына арналған қазақ тілі бойынша «Білгіштер» қалалық зияткерлік-танымдық ойын өткізілді.
Ойынның мақсаты: бастауыш сынып оқушылары үшін интеллектуалды-шығармашылық қызметтерін оятып, жеке және топта өз-өздерін дамытуына жағдай жасау, ойын қызметінде бастауыш сынып оқушыларының талабын қанағаттандыруы, бастауыш сынып жасындағы оқушылардың қазақ тілі пәнін оқуына қызығушылық дәрежесін көтеру, логикалық ойлау, интеллектуалды-шығармашылық әлеуеттерін дамыту, қазақ тілін қолдануды кеңейту.
Ойынға 32 топ қатысты. Топтар 3 лигаға бөлінді: 2 лига қазақ тілінде оқытатын, 1 және 3 лигалар орыс тілінде оқытатын мектептер. Ойынды Тулугенова Шынар Исланбековна, педагогика ғылымдарының магистрі, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ тілдер және әдебиет кафедрасының аға оқытушысы, Журсиналина Гульжанат Курмашевна, филология ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ практикалық лингвистика кафедрасының меңгерушісі және Алиева Дидар Алиаскаровна, педагогика ғылымдарының магистрі, ҚМПУ қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы бағалады. Ойынды А.М.Горький атындағы гимназияның жоғары санатты қазақ тілі пәні мұғалімі Кельдибаева Бахыткуль Аманжоловна жүргізді.
Ойынның қорытындысы бойынша, 1 орынға ие болған топтар: 1 лигада - №24 МГ, 2 лигада – МГГ, 3 лигада - №21 НЖМ; 2 орынға ие болған орындар: 1 лигада - №9 ОМ, 2 лигада – Дружба ОМ, 3 лигада - №1 МЛ; 3 орынға ие болған топтар: 1 лигада - №5А МГ, 2 лигада – ФМЛ, 3 лигада - №16 ОМ.
Жеңімпаздар және жүлдегерлер топтарды жақсы нәтижемен құттықтаймыз!