«Рухани жаңғыру» жобасын жүзеге асыру аясында «Дарын» қалалық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылдың 29 қыркүйегінде 5-7 сынып оқушылары үшін география, тарих және өлкетану бойынша «Ашылу маусымы» атты қалалық зияткерлік-танымдық ойынының 1 турын өткізді.
Ойынның мақсаты -оқушылардың зияткерлік деңгейін арттыру және ойын іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы танымдық үрдістерді дамытуға жағдай жасау.
Ойынның бірінші турына (онлайн - тестілеу) Қостанай қаласының білім беру ұйымдарының 34 командасы қатысты. Әр команданың құрамы (5,6,7 параллел сыныптардан бір өкілден). үш адамнан құралған. «Ашылу маусымы» зияткерлік танымдық ойыны қазақ және орыс тілдерінде өтеді.
«А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕ АҚ білікті оқытушылары құрастырған бірінші кезеңнің тапсырмалары оқушылардың өлкетану бағыты бойынша Қостанай қаласының ескерткіштері мен тарихи орындары жайлы білімдерін тексеруге жіберілді.
Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша барлық командалар 3 лигаға бөлінеді.
Танымдық ойын қорытындысы ойынның барлық кезеңдері аяқталғаннан кейін қорытындыланады.