Авторизация
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Государственное учреждение "Отдел образования города Костаная" управления образования акимата Костанайской области
AA+

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2017-2018 оқу жылында «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №18 мектеп-гимназиясы» ММ аясында 5-7 сынып оқушыларына арналған география, тарих және өлкетану пәндері бойынша «Маусымның ашылуы» қалалық зияткерлік-танымдық ойыны өткізілді.

          Мақсаты: ойын әрекетін ұйымдастыру арқылы білім алушылардың зияткерлік деңгейін арттыру және танымдық үдерістерін дамыту үшін жағдай жасау.

Ойынға 32 оқушылар командасы қатысты. Әр команданың құрамында 3 оқушы (бесінші сынып – 1 қатысушы, алтыншы сынып – 1 қатысушы, жетінші сынып – 1 қатысушы), команда білім алу тілі бойынша құралады.

Ойынның әр кезеңі бес тапсырмадан тұрды:

  • Блиц-сұрақ (ойын алдындағы сергіту). Әр командаға 3 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Әр сұрақтың жауабын ойластыру үшін берілетін уақыт – 30 секунд.
  • Білімқұмарлар үшін лото. Экранда ойын жиегі көрсетіледі, ол төрт секторға бөлінген: қызыл, сары, жасыл және көк. Әр секторда төрт сұрақ бар, олар қиындылығына қарай түрлі ұпай сандарымен бағаланады. Команда әр сектордың, әр қиындықтағы сұрақты таңдап алуы құқылы. Әр сұрақтың жауабын ойластыру үшін берілетін уақыт – 1 минут. Әр команда екі сұраққа жауап беруі мүмкін.
  • Қызықты лабиринт. Командалардың капитандары бір тапсырманы таңдап алады, ол тапсырмалар география мен тарих пәндері бойынша тапсырмаларды орындаумен байланысты. Дұрыс жауап 5 ұпайға бағаланады. Тапсырманы шешу уақыты – 3 минут.
  • Өткен өмір шежіресі. Әр команда негізгі сөздер жиынтығын алады, осыларға сүйеніп, тарихи оқиға немесе тұлға туралы жауап беру керек. Дұрыс жауап 5 ұпайға бағаланады. Тапсырманы шешу уақыты – 1 минут.
  • Қараңғы жылқы. Команда ғалымның, саяхатшының, тарихи тұлғаның есімін табуы тиіс. Берілген конкурс бойынша жоғары ұпай – 5. Көмек сұрау тапқан ұпайларды бір ұпайға азайтады.

Ойынды ҚМПУ Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты - Бекмагамбетова Майсара Жаугаштиновна, ҚМПУ жаратылыстану ғылымдарының кандидаты, география магистрі - Баубекова Гаухар Коныспаевна, А.Байтұрсынов ат.ҚМУ Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты - Исмаилов Серикжан Сагындыкович.

Ойынның қорытындысы бойынша үздіктер аталлды:

  • І орын: 1 лигада №9 ОМ, 2 лигада №1 МЛ, 3 лигада №3 МГ;
  • ІІ орын: 1 лигада №20 ОМ, 2 лигада ФМЛ, 3 лигада №4 ОМ;
  • ІІІ орын: 1 лигада ЧНМ, 2 лигада МГГ, 3 лигада №23 және №22 ОМ.

Құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!