Авторизация
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Государственное учреждение "Отдел образования города Костаная" управления образования акимата Костанайской области
AA+

Ағымдағы жылдың 10 тамызынан 10 қазанына дейін қалалық білім бөлімі «DamU.KST» қоғамдық бірлестігімен бірге «Абай қазақ даласық ұлы» әлеуметтік жобасы аясында қала мектептерінің оқушылары арасында қашықтықтан жарыстың бірінші кезеңін өткізді.

Байқау шарты бойынша қатысушылар Instagram әлеуметтік желісіндегі өз аккаунттарында ұлы Абайдың шығармаларын орындаған бейнероликтерді орналастырды. Бүгінгі таңда бірінші кезеңнің жеңімпаздары анықталды. Олар: Мейрамова Диана мен Жулбарисов Санжар (№23 ОМ), Бурда Матвей мен Маляренко Татьяна (№5 ОМ), Хыдырбек Нұртөре (№28 МГ), Сексенбаева Лаура мен Есмагызам Марал (№10 ОМ), Ильдинбаева Дана (№16 ОМ), Алиса Головащенко, Диана Михейко және Махаббат Алибаева (Аула клубының тәрбиеленушілері) болып табылады.

Осы жеңімпаздарға екінші кезеңде Қостанай И.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының сахнасында өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік беріледі. Театрландырылған қойылымның жеңімпаздары Дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болады.

Балаларды байқаудың бірінші кезеңіндегі лайықты жеңістерімен құттықтаймыз және екінші кезеңде сәттілік тілейміз!