Авторизация
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Государственное учреждение "Отдел образования города Костаная" управления образования акимата Костанайской области
AA+

Ағымдағы жылдың 1-2 мамырында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында балалар мен жастардың хореографиялық шығармашылығын насихаттау және қолдау, ұлтаралық қатынастар мәдениетін дамыту, сондай-ақ жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде балалар мен жастардың өзін-өзі танытуы мақсатында онлайн форматта «Карнавал» хореографиялық ансамблінің концерті өтті. Концерт қалалық білім бөлімінің қолдауымен «Карнавал» хореографиялық мектебі ұйымдастырған және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған.

Концерт аясында 4 жастан 18 жасқа дейінгі вокалдық топтың, би ансамблінің және «Карнавал» хореографиялық мектебінің қатысушылары өз шығармашылығы мен шеберлігін көрсетті. Концерт әлеуметтік желілерде еркін қол жетімділікте жарияланған.

Мұндай іс-шаралар қазақстандықтардың жас ұрпағының ұлтаралық қатынастар мәдениеті, этникалық мәдениет деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

1м2м3м4м5м