Авторизация
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Государственное учреждение "Отдел образования города Костаная" управления образования акимата Костанайской области
AA+

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі жоспарға сәйкес, 207 жылғы 15 желтоқсанда №23 ОМ базасында «Қоғамдық сананы жаңғырту: «Алаш» партиясының 100 жылдығына арналған «Алаш» және Тәуелсіздік идеяларының сабақтастығы» дөңгелек үстелі өткізілді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: мемлекеттік және ұлттық құрылыс идеяларын қалыптастырудағы Алаш қозғалысының рөліне баға беру, Алаш қайраткерлерінің Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына, мәдениетке, білім мен ғылымға қосқан үлестерін талдау. Бұндау зерттеулер Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласында көрсеткен «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде өте маңызды.

Дөңгелек үстел «Алаш-Орда. Олар берілгісі келмеді. Тарих жұмбақтары» деген деректі фильмнен басталды.

Іс-шараның басында тарих және география пәндері жөніндегі әдіскер Ерденова Багитнур Егизбаевна сөз сөйледі. Ол дөңгелек үстел тақырыбының өзектілігін, заманауи мемлекеттің қалыптасуында Алаш қайраткерлерін зерттеудің маңыздылығын айтып кетті.

№8 ОМ жоғары санатты тарих мұғалімі Кожанова Надежда Сейылхановна өзінің «Алаш» партиясының идеялары – қазіргі заман жастары үшін жол көрсеткіш жұлдыз» баяндамасында Алаш қозғалысының жаңашыл идеялары туралы айтты. Ол алаш қайраткерлерінің өздерінің саяси бағдарламаларында алғаш рет әйелдер мен балалардың құқықтары, жалпы сауаттылық мәселелерін көтергені, сонымен қатар Кеңес одағы кезеңінде мемлекеттің құрылысы үрдістеріне өз үлестерін қосқаны туралы атап өтті.

№23 ОМ жоғары санатты қазақ тілі мұғалімі Отешева Назира Кабиденовна «Әлихан Бөкейханов-белгілі қоғам қайраткері, «Алаш» партиясының басшысы» баяндамасымен сөз сөйледі. Өзінің сөз сөйлеуінде ол XX ғасырдағы қазақ интеллигенциясының ең жарқын өкілдерінің бірі А.Бөкейхановтың Алаш-Орда тарихына қосқан үлесі, оның қазақ мемлекеті идеясының басында тұрғаны және Қазақстанның аумақтық бүтіндігін сақтап қалғаны жайында айтты.

Дөңгелек үстелдің модераторы ретінде жоғары санатты тарих мұғалімі, тарих және география мұғалімдерінің ӘБ басшысы Бородина Наталья Сергеевна сөз сөйледі. Ол өзінің баяндамасында «Алаш» қозғалысының тарихына және маңыздылығына арналған тақырыптарды оқытудың ерекшеліктерін, Алаш қозғалысының қоғамның рухани жаңғыруындағы маңыздылығын, болашақта әлі зерттеу керек екендігін және халық арасында насихаттау қажеттілігін атап өтті.

Қазақ мемлекетінің қалыптасуындағы Алаш партиясының үлкен рөлін атап өтіп, қатысушылар келесі қарарды қабылдады:

  1. Жастар арасында отаншылдықты тәрбиелеу мақсатында, Алаш қозғалысы идеяларын насихаттауға арналған бірлескен іс-шараларды өткізу жалғастырылсын;
  2. Алаш қозғалысының мұрасын ғылыми зерттеу қажеттілігіне назар аудара отырып, ОҒҚ  жұмыстарға арналған тақырыптар тізбесі ұысынылсын.
  3. Халықтың арасында отаншылдықты қалыптастыру мақсатында, тәуелсіз Қазақстан құрылуындағы алаш қозғалысының рөлі өңірлік БАҚ кеңінен жариялансын, ақпараттық-насихаттау жұмыстары жүргізілсін.