Авторизация
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Государственное учреждение "Отдел образования города Костаная" управления образования акимата Костанайской области
AA+

Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Астана қаласында 2018 жылғы 4 ақпанда «Таңғы шұғыла» халықаралық фестивалі өткізілді. Оған Қостанай қаласының оқушылары қатысты. 

 №24 мектеп-гимназиясының оқушылары «Ғасырлар толғауы»- «Воспевание веков» әдеби композиясымен «Көркем сөз» номинациясына қатысты. Әдеби композиция қазақ халқының бастан кешкен тарихи оқиғаларына арналды. Жас оқырмандар «Заман», «Ата мекен», «Жер ана», «Көзкөрген» рөлдерінде өнерлерін көрсете отыра, поэзиялық өлең жолдарын бар ықыласымен орындады. Әділқазылар алқасы біздің командаға 1 орынды берді.

Оқушылар Астана қаласынан оралған соң, осы композицияны 5 ақпанда Қостанай қаласында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Майра Илиясованың басшылығымен І.Омаров атындағы қазақ театрында «Жұлдыз болғың келсе» Республикалық байқауында көрсетіп, гран-приді жеңіп алды.

Осы байқауда №24 а МГ екі оқушысы: Хусаинова Айсу «Ара мен шыбын» мысалын оқып, Абай Бекжан «Ерден ата ертегілерін» оқып гран-приге ие болды.


Жас орындаушыларды жеңіспен құттықтаймыз!