Авторизация
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Государственное учреждение "Отдел образования города Костаная" управления образования акимата Костанайской области
AA+

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде сапалы тәрбие мен оқытуға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында, сонымен қоса зияткерлік, физикалық тұрғыда, рухани жағынан дамыған және табысты азаматты қалыптастыру мақсатында ағымдағы жылдың 16-шы мамыры күні Қостанай қаласының балалар шығармашылық мектебінде көлік трассасын үлгілеу бойынша қалалық және облыстық жарыстар болып өтті.

Онда «Көлік трассасын үлгілеу» үйірмесінің 20 тәрбиеленушісі қатысты. Биыл пандемияға байланысты облыстық жарыстар қашықтық форматта өтті. Балалар өз қарсыластарын өз көзімен көрмегенімен, тек олардың трассадағы жарыстарын бейнекамера арқылы көре алғанымен, бұл балалардың мектепке жеңіс әкелуге деген ниетіне әсер етпеді, бәсекелестік рухы болды, ал эмоциялық әсерлері әдеттегідей трассадағы жарыс кезіндегідей болды. Облыс деңгейінде командалық есепте Ефимов Артем мен Анастасия Лапытько жүлдегер атанды.

Трассалық үлгілеу туралы бейнефильмді шығару да осы маңызды жарыстарға орайластырылды, бұл жарыс, әсер алатындарға және жылдамдықты сүйетіндерге ғана емес, сонымен қатар техникалық шығармашылыққа қызығушылық танытқан жандарға да қызықты болды.

1м2м3м