Авторизация
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Государственное учреждение "Отдел образования города Костаная" управления образования акимата Костанайской области
AA+

Ағымдағы жылдың наурыз айының 10-15 аралығында «Ханталапай» қалалық балалар байқауы өткізілді.

Байқауға қаламыздың №4, №16, №20, №21 мектептерінен 4 мектепалды сыныбының 258 тәрбиеленушісі, 23 мемлекеттік балабақша, 11 жекеменшік балабақша қатысты.

Қатысушым командалардың көптігі байқаудың өзектілігін және маңыздылығын көрсетеді, бұл мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халқының ұлттық мәдениетімен, халық ойындарымаен жақын танысуға ерекше мүмкіндік берді. Ойын балалардың ептілігін, тапқырлығын, зияткерлік ойлауын, командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға ықпал етті.

Қазылар алқасы қалалық байқаудың қорытындысын шығарды:

Бас жүлде –№ 11 бөбекжай-бақшасы;

орын – № 15 бөбекжай-бақшасы;

орын – №3 бөбекжай-бақшасы және №7 бөбекжай-бақшасы;

орын –№ 13,27,61 бөбекжай-бақшалары, «Айгерим-ай» балабақшасы және «Антошка» балабақшасы.

Номинациялар бойынша жеңімпаздар:

«Алғыр бала» - Диханбаева Аймира (№11 б\б), Самат Іңкәр (№11 б\б), Кустаев Даниал (№15 б\б), Багитжан Мейіржан (№15 б\б), Бриматов Амир ( № 7 б\б), Төленді Дамина (№61 б\б), Агыбаев Елжан ( «Айгерим-ай»);

- «Мерген бала» - Хамитова Сания (яс №11), Серікқызы Кәусар (яс №11), Ерлан Арсен (яс №15), Файзуллова Жұлдызай (яс 15), Юдин Александр (яс №7), Журавлев Назар (яс 27), Кишкентаева Зере («Айгерим-ай» балабақшасы), Маутова Рианна («Антошка» балабақшасы);

- «Зерек бала»: Аужан Ариуна (№11 б\б), Бейсенова Томирис (№15 б\б), Филиппова Кира (№3 б\б), Айтбай Амир (№13 б\б), Такенова Аиша (№27 б\б), Адилхан Амирлан ( «Айгерим-ай» балабақшасы).

Сәбилерді құттықтаймыз!!! «Айгерим-ай», «Антошка» ,және №11,15,3,7,13,27,61 балабақшаларының дене шынықтыру нұсқаушыларын нәтижелі дайындағаны үшін алғыс айтамыз.