Авторизация
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Государственное учреждение "Отдел образования города Костаная" управления образования акимата Костанайской области
AA+

19-23 сәуір аралығында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімінің С.Мәуленов  атындағы гимназиясы» КММ-де  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Өлеңім менің – Ай-Күнім» атты қалалық жас ақындар байқауын өткізілді. Ұйымдастырушы – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Міркемел Айнұр Мұратқызы. Байқау екі кезеңнен тұрды. Үш номинация бойынша ұйымдастырылды.

         1.      «Қостанай – кіндік қаным тамған жерім». Қостанай туралы, туған жер туралы авторлық шығармалар, туған жерге деген махаббат

2.      «Отбасым – бақыт мекені» - отбасы туралы, жақындар туралы  авторлық шығармалар.

3.      «Мектеп өмірі – ұмытылмас тарих» - мектеп өмірі, мектептегі бір күн туралы авторлық шығармалар.

Тек қазақ тіліндегі шығармалар қабылдануы тиіс болғанымен, орыс тілді шығармалар да түсті.

         1-кезеңде қатысушылар өздерінің өлеңдерін электронды форматта жіберді. 2-кезеңде өздерінің туындыларын мәнерлеп оқып, мектептерінің инста парақшаларына #өлеңімайкүнім_ГСМ  #руханижаңғыру #uo_kost #менақынмын хэштегтерін қолданып салды. Гимназияның парақшасына @syrbaimaulenov_gimnaziasy_kst  сілтеме жасалды.

         Жас ақындар байқауына екі әділ-қазы алқасы тағайындалды.

  1. Ақылбек Шаяхмет - жазушы, драматург, көсемсөзші-журналист, Қазақстан жазушылар одағы басқармасының мүшесі, Әлем халықтары жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры, халықаралық шығармашылық Академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі.
  2. Тулегенова Шынар Исланбекқызы - А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ, тіл және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі.

Нәтижесі:

«Қостанай – кіндік қаным тамған жерім» номинациясы бойынша

         I орын - №15 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Галымжанова Адия;

ІІ орын - Ғ. Қайырбеков атындағы № 9 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Жанғали Әділет, №10 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Шагатаева Агидель;

ІІІ орын -  №28 мектеп-гимназиясының оқушысы Сайлаубек Нұржігіт, № 30 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Немолчева Александра.

 «Отбасым – бақыт мекені» номинациясы бойынша

I орын - №15 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Курмантаева Шынайым;

II орын - №115 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Тәңірберген Әмина;

III орын - №30 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Зюбан дарья.

«Мектеп өмірі – ұмытылмас тарих» номинациясы бойынша

I орын - №15 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Жанболатқызы Назерке;

II орын - №9 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Келебаева Амина;

III орын - № жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Сардор Сұлтан.

1м2м3м4м5м6м7м8м